Бастауыш сынып апталығы аясында 2 «Б» сыныбында «Әдебиеттік оқу» пәнінен сынып жетекшісі Әбдіқалықова Айман Базарбекқызы «Құмырсқа мен бидай дәні» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту; шығармашылық қабілеттерін ашу; өзіне деген сенімділігін арттыру.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Топтық жұмыс барысында кейіпкердің іс- әрекетін бала тілімен жақсы сомдап көрсетті.
Заманауи көрнекіліктер мен интерактивті тапсырмалар тиімді қолданылып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырды.